Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 177 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Бюджет кодексi
177-бап. Қарыз алушылар

1. Бюджеттік кредитті алушы, негізгі борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемелер алатын кредит шартының тарабы қарыз алушы болып табылады. 

2. Мыналар: 

1) мамандандырылған ұйымдар - банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке не ұлттық холдингке, не Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар; 

2) жергілікті атқарушы органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары; 

3) шет мемлекеттер; 

4) жеке тұлғалар қарыз алушылар бола алады. 

Ескерту. 177-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...175 176 177 178 179 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 177-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV