Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 225-6 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Бюджет кодексi
225-6-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті орындау

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның меншікті капиталынан асатын сақтандыру жағдайларын біржолғы іске асырудан асып түскен кезде, сенім білдірілген өкілдің (агенттің), экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қорытындылары, екінші деңгейдегі банктер берген оның шоттарынан үзінді көшірмелер, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктің орындалуына өтініш жасаудың алдындағы қаржы жылы үшін аудиттелген қаржылық есептілік және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің орындалуына өтініш жасалған кезге алынған қаржылық есептілік болған кезде орындалуға жатады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның меншікті капиталын шегергенде сақтандыру төлемдерінің жабылмаған сомасының бөлігіне ғана орындалады. 

3. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерді орындау республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттің кепілдігі жөніндегі міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания сақтандыру төлемдерін өтеу қаражаты мен өзге де көздер есебінен республикалық бюджетке қайтаруға тиіс. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Мемлекеттік кепілдікті орындауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтарудың шарттары, мерзімдері, сыйақы мөлшерлемелері және тәртібі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания арасында жасалатын экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде айқындалады.
Статья 1 ...225‑4 225‑5 225‑6 225‑7 226 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться