Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Бюджет кодексi

ҚР Бюджет кодексi
231-бап. Мемлекет кепілгерлігінің нысаны



Ст. 231 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Мемлекет кепілгерлігі бюджетті атқару жөніндегі орталық 

уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында мемлекет кепілгерлігі шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы беріледі. 

Осы баптың талаптарына сәйкес келетін құжат мемлекет кепілгерлігі деп танылуы мүмкін. 

Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының актілерінің немесе өзге де құжаттарының мемлекет кепілгерлігі болатын заңдық күші болмайды. 

2. Мемлекет кепілгерлігі шартына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы қол қояды. 

3. Мемлекет кепілгерлігі шартында: 

1) оған сәйкес мемлекеттің кепілгерлігі берілетін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының деректемелері; 

2) қарыз алушы мен қарыз берушінің атауы және тұрған жері; 

3) қарыз алушының негізгі міндеттемесінің мазмұны; 

4) мемлекет кепілгерлігі берілетін қарыз сомасы, мемлекет кепілгерлігінің күші қолданылатын қарыз бойынша басқа да міндеттемелер. Басқа да міндеттемелер қарыз сомасын ұлғайта алмайды (капиталдандырмайды); 

5) мемлекет кепілгерлігінің қолданылу мерзімі; 

6) мемлекет кепілгерлігі шартына қол қойған лауазымды адам көрсетіледі. 

4. Осы баптың 2-тармағында және 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар сақталмаған кезде мемлекеттің кепілгерлігі жарамсыз болып саналады.

Статья 1 ...229 230 231 232 233 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 231-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV