Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 243 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Бюджет кодексi
243-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің 2008жылғы атқарылуы туралы жылдық есептер

1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің 2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есеп мынадай бөлімдерден тұратын бюджет құрылымы бойынша қалыптасады: 

1) кірістер: 

салықтық түсімдер; 

салықтық емес түсімдер; 

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; 

трансферттер түсімдері; 

2) шығындар; 

3) операциялық сальдо; 

4) таза бюджеттік кредит беру:  

бюджеттік кредиттер; 

бюджеттік кредиттерді өтеу; 

5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо: 

қаржы активтерін сатып алу; 

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдері; 

6) бюджет тапшылығы (профициті); 

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану): 

қарыздардың түсуі; 

қарыздарды өтеу; 

бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы. 

2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің 2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есепке: 

1) түсіндірме жазба; 

2) түсімдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есеп қоса тіркеледі. 

3. Республикалық және жергілікті бюджеттердің 2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есеп қосымшаларымен бірге осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімде жасалады, ұсынылады, қаралады және бекітіледі.
Статья 1 ...241 242 243 243‑1 243‑2 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 243-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV