Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 91 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Бюджет кодексi
91-бап. Түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазу

1. Бюджетке түсетін түсімдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бюджетке түсетін түсімдердің сыныптамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен толық көлемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылады. 

2. Сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына және сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға түсетін түсімдерді қоспағанда, бюджетке шетел валютасында түсетін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарына шетел валютасында есепке жазған түсімдер қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылуға тиіс. 

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Мемлекеттік мекемелердің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдағы шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау және есепке жатқызу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 91-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...89 90 91 92 93 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 91-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV