Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
202-бап. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға қойылатын экологиялық талаптар



Ст. 202 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салу және реконструкциялау мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салған және реконструкциялаған жағдайда) оң қорытындылары болған кезде және қоршаған орта сапасының нормативтерiне сәйкес жүзеге асырылады. Бекiтiлген жобаны немесе жұмыстардың құнын қоршаған ортаға залал келтiре отырып өзгертуге жол берiлмейдi. 

2. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiс. 

3. Жоба бекiтiлгенге дейiн және нақты жер учаскесi бөлiнгенге дейiн объектiлердi салуға, реконструкциялауға тыйым салынады. 

Ескерту. 202-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...200 201 202 203 204 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 202-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212