Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 228 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

ҚР Экологиялық кодексi
228-бап. Жерді қорғау туралы жалпы ережелер

1. Жер – қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қызмет процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін, топырақ қабатын қоса алғандағы жер беті (аумақтық кеңістік). 

2. Топырақ қабаты (топырақ) – биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторлардың ұзақ әсер етуі нәтижесінде жер бетінде пайда болған, минералдық және органикалық қатты бөлшектерден, су мен ауадан тұратын және өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін тиісті жағдайлар жасайтын өзіндік ерекше генетикалық-морфологиялық белгілері, қасиеттері бар дербес табиғи-тарихи органикалық-минералдық табиғи дене. 

3. Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес жер: 

1) жер беті мен топырақтың антропогендік ластануынан; 

2) жер бетінің қоқыстануынан; 

3) топырақтың тозуы мен құнарсыздануынан; 

4) жердің өзге түрде бүлінуі мен нашарлауынан (су және жел эрозиясы, шөлейттену, су басу, су жайылу, батпақтану, кейіннен сортаңдану, құрғап кету, тығыздалу, табиғи ландшафтардың техногендік өзгеруі салдарынан) қорғалуға жатады. 

4. Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес жер: 

1) адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіруді; 

2) экологиялық жүйелердің орнықты жұмыс істеуінің бұзылуын; 

3) ағаштардың қурауын және құрып кетуін; 

4) биоәртүрліліктің қысқаруын; 

5) экологиялық залал келтіруді болғызбау мақсатында қорғалуға жатады. 

5. Топырақ сапасының мемлекет белгілеген экологиялық нормативтерінен асатын концентрацияларда ластағыш заттардың топырақта болуы топырақтың ластануы деп танылады. 

Антропогендік және табиғи факторлар нәтижесінде топыраққа ластағыш заттардың түсуі, сондай-ақ топырақта болатын химиялық, физикалық және биологиялық процестер нәтижесінде онда ластағыш заттардың түзілуі топырақтың ластану көздері деп танылады. 

6. Жер бетіне және топырақтың беткі қабатына ластағыш заттардың осындай жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға кедергі келтіретін көлемде түсуі жер бетінің ластануы деп танылады. 

7. Жерді ластанудың барлық түрінен, оның ішінде жер бетімен және топырақпен жанасатын физикалық ортадан (атмосфералық ауа мен су) ластағыш заттардың түсуі салдарынан ластанудан қорғау жүзеге асырылады. 

8. Қатты қалдықтарды жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтіретіндей немесе оның эстетикалық құндылығын нашарлататындай етіп жер бетіне бейберекет тастау жер бетінің қоқыстануы деп танылады. 

9. Табиғи немесе антропогендік факторлардың әсер етуі нәтижесінде топырақтың құнарлылығын (топырақ сапасын) айқындайтын қасиеттері мен құрамының нашарлауы топырақтың тозуы деп түсініледі. 

Топырақтың құнарлы қасиеттерінің толық жоғалуы топырақтың құнарсыздануы деп түсініледі.
Статья 1 ...226 227 228 229 230 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться