Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
227-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру кезiндегi экологиялық талаптар



Ст. 227 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кезде орман пайдаланушылар:

1) жұмысты топырақ эрозиясының пайда болуына жол бермейтiн, ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына, сондай-ақ су және басқа да табиғи объектiлердiң жай-күйiне терiс әсердi болдырмайтын немесе оны шектейтiн және жануарлар дүниесi мен олардың тiршiлiк ету ортасының сақталуын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен жүргiзуге;

2) ағаш сүрегiн дайындаған кезде мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен жобаларда көзделген техника мен технологияны пайдалана отырып, ормандарды табиғи түрде молықтыру үшiн оңтайлы жағдайларды сақтау жөнiндегi талаптарды ұстануға;

3) ағашы кесiлетiн жерлерде оны дайындау мен тасып әкетудiң белгiленген мерзiмi аяқталған соң кесiлмеген және дайындалған ағаш сүректерiн қалдырмауға;

4) ағаш сүрегiн дайындаумен бiр мезгiлде кеспеағаш аймағын кесiлген ағаштардың қалдықтарынан тазартуды жүргiзуге;

5) мемлекеттiк орман қорының орман пайдалануға бөлiнген учаскелерiнде ағаштың заңсыз кесiлуiне және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын өзгедей бұзуға жол бермеуге;

6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кескен кезде, орман орналастыру жобасына сәйкес, орманды қайта жаңартуды қоса алғанда, ағашы кесiлген алаңның екi еселенген мөлшерiнен астам алаңға ағаш отырғызуды жүзеге асыруға;

7) ағашы кесiлген жерлерде және өздерiнiң қызметi нәтижесiнде өскiндерi жойылған, ағаш пен бұта өсiмдiктерi құрып кеткен алаңдарда ормандарды молықтыруды өз есебiнен жүзеге асыруға;

8) ормандардың санитарлық жай-күйiн қамтамасыз ету мен жақсарту жөнiндегi ережелердi сақтауға;

9) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға;

10) мемлекеттiк орман иеленушiлердi мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану үшiн оларға бөлiп берген учаскелерiнде орман зиянкестерi мен ауруларының пайда болғаны туралы хабардар етуге;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға және оның аумақтық органдарына, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына және мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингiн жүргiзу, орман пайдалану төлемақысының мөлшерiн анықтау үшiн қажеттi ақпаратты берiп тұруға мiндеттi.

Ескерту. 227-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

Статья 1 ...225 226 227 228 229 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 227-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212