Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
24-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi



Ст. 24 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Жекелеген аумақтар үшiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi белгiленуi мүмкiн.  

2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қоршаған орта сапасын бiрте-бiрте жақсарту қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерiнiң белгiлi бiр уақыт кезеңiне арналған шектi деңгейiн реттейдi. 

3. Қоршаған орта сапасының әртүрлi нысаналы көрсеткiштерi:  

1) қоныстану аумағы; 

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; 

3) рекреациялық аймақтар; 

4) шөл және шөлейт аудандар; 

5) су объектiлерi үшiн белгiленуi мүмкiн.  

4. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгiленедi. 

5. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн белгiлеу: 

1) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қоршаған орта сапасының нормативтерiне кезең-кезеңмен қол жеткiзiлуiн;  

2) экологиялық қауiпсiздiктi және халық денсаулығы үшiн қатердi азайтуды;  

3) әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ экожүйелердi, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiнiң тектiк қорын сақтау қажеттiгi ескеріле отырып, қоршаған орта сапасының нормалануын қамтамасыз етуге тиiс. 

6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi. 

Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212