Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
25-бап. Эмиссиялар нормативтерi



Ст. 25 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Эмиссиялар нормативтерiне:

1) эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi;

2) ластаушы заттардың жол беруге болатын шектi шығарындылары мен төгiндiлерiнiң нормативтерi;

3) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерi;

4) алып тасталды - ҚР 25.04.2016 № 505-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру нормативтері жатады.

2. Эмиссиялар нормативтерi аумақтардың және акваторияның табиғи ерекшелiктерi ескерiле отырып, қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге тиiс және жол берiлетiн шектi шоғырлану немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi негiзiнде есептеледi.

3. Эмиссиялар нормативтерiнiң шамалары шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс әсерiн азайту мақсатында экологиялық рұқсаттар беру мен қажеттi техникалық iс-шаралар өткiзу қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдауға негiз болып табылады.

 Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212