Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Экологиялық кодексi
240-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру кезіндегі экологиялық талаптар

Ст. 240 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме негізінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда жол беріледі. 

2. Будандастырылған жануарларды үйреншікті ортаға интродукциялауға тыйым салынады. 

3. Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар түрлерін өз бетінше интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға тыйым салынады. 

4. Жабайы жануарларды, сондай-ақ жабайы жануарлармен шағылысуы немесе оларға зиян келтіруі мүмкін үй жануарларын еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстайтын немесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар осы жануарлардың табиғи ортаға шығуын болғызбау жөнінде іс-шаралар жүргізуге міндетті. 

Ескерту. 240-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
240-1-бап. Жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету 

Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен берілетін рұқсат бойынша жол беріледі. 

Жануарларды Қазақстан Республикасынан үшінші елдерге әкету Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 35-тарау 240-1-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...238 239 240 241 242 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 240-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212