Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 27 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Экологиялық кодексi
27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері

1. Парниктік газдар шығарындыларын қоспағанда, ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей шартпен эмиссиялардың әрбір стационарлық көзі және тұтастай кәсіпорын үшін есептеулер негізінде белгіленетін эмиссиялар шамалары болып табылады. 

2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру кезінде шығарындылардың станционарлық және жылжымалы көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялар нормативтерінің есептеу мәндерін, техникалық үлестік нормативтерінің белгіленген мәндерін қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Белгіленген ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтерінің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерінің, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтерінің қолданылу мерзімі І, ІІ, және ІІІ санаттардағы объектілері үшін – табиғат пайдаланушының өтініміне сәйкес, бірақ күнтізбелік он жылдан аспайтын мерзімге, ІV санаттағы объектілер үшін табиғат пайдаланушының өтініміне сәйкес немесе егер өтінімде сұралып отырған мерзім көрсетілмесе мерзімсіз кезеңге белгіленеді. 

Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212