Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
316-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу және оның мемлекеттік кадастры



Ст. 316 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



Ескерту. 316-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес реттелетін озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын әзірлеуді ұйымдастырады. 

2. Озонды бұзатын заттарды әкелуді және әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын дайындау үшін: 

сатып алушы ұйымдардың атаулары мен орналасқан жерлерін және болжамды қолдану салаларын көрсете отырып, озонды бұзатын заттардың әкелінген, әкетілген және өткізілген санын есепке алуды жүргізеді; 

жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешiктiрмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға қолдану салалары бойынша озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы мәліметтерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады. 

3. Озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрының деректері ашық болып табылады және жариялануға жатады. 

Ескерту. 316-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...314-1 315 316 317 318 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 316-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212