Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
314-бап. Парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларына жол берілетін шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы талаптар



Ст. 314 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді әкелу және әкету, озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері болып табылады. 

1-1. Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады. 

2. Қалалық және өзге де қоныстарды салу кезінде шаруашылық және өзге де қызмет объектілерін жобалау, орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалану парниктік газдар шығарындыларының азайтылуы және оларды сіңіргіштердің абсорбциялау деңгейінің сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс. 

3. Озонды бұзатын заттарды әкелуді және әкетуді, сондай-ақ озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуді, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуді, монтаждауды, оған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер: 

1) өнімге "озон қабатын бұзады" деген жазба жазуға және озонды бұзатын заттар немесе озонды бұзатын заттары бар өнімдер сақталатын не тасымалданатын ораманы осындай жазбамен анық көрінетіндей етіп таңбалауға; 

2) олардың қауіпсіз сақталуын және тасымалдануын қамтамасыз етуге; 

3) тауарға ілеспе құжаттамада, өнімде бар заттарды қоса алғанда, озонды бұзатын заттардың атауы мен санын көрсетуге; 

4) озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату және (немесе) залалсыздандыру мақсатында жинау және оларды герметикалық ыдыста сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және орындауға міндетті. 

4. Озонды бұзатын заттарды кәдеге жаратуға және (немесе) залалсыздандыруға арналған объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұтыну үшін шектеу қойылған немесе тыйым салынған озонды бұзатын заттар тізбесіне енгізілген, озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу көзделетін технологияларды, жабдықтарды, заттар мен материалдарды пайдалана отырып, объектілерді жобалауға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, кеңейтуге, жаңадан салуға тыйым салынады. 

Ескерту. 314-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...312 313 314 314-1 315 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 314-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212