Ст. 284 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019
ҚР Азаматтық кодексi
284-бап. Өзара мiндеттердiң орындалуы
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасынан, шарттан, iскерлiк айналым ғұрыптарынан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мәнiнен өзгеше туындамайтын болса, тараптар өзара мiндеттердi бiр мезгiлде орындауға тиiс. 2. Тараптардың бiрi мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, екінші тарап өз мiндеттемесiн орындауды тоқтата тұруға не осы мiндеттемесiн орындаудан бас тартуға және залалды өтеуін талап етуге құқылы.
Ескерту. 284-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Добавить комментарий к 284-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы