Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 327 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Азаматтық кодексi
327-бап. Айналымдағы тауарларды кепiлге салу

1. Тауарларды кепiл берушiде қалдыра отырып және кепiл берушiге кепiлге берілген мүлiктiң (тауар қорларының, шикiзаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, дайын өнiмнің және тағы басқалардың) құрамы мен нақты нысанын өзгерту құқығын бере отырып, оларды кепілге салу айналымдағы тауарларды кепiлге салу деп танылады.  

2. Кепiл берушi иелiктен айырған айналымдағы тауарлар оларды алушының меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе оралымды басқаруына көшкен кезден бастап кепiлге салынған нәрсе болудан қалады, ал кепiл берушi сатып алған, кепiл туралы шартта аталған тауарлар оларға кепiл берушiнiң меншiк немесе шаруашылық жүргiзу құқығы пайда болған кезден бастап кепiлге салынған нәрсеге айналады.  

3. Егер тараптардың келісуі бойынша кепіл туралы шартта айналымдағы тауарлар кепілінің жалпы құны кепіл туралы шартта көрсетiлген құннан кем болмауға тиіс екендігі көзделген жағдайда, онда: 

1) егер шартта өзгеше көзделмесе, айналымдағы кепiлге салынған тауарлар құнын кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалған бөлiгiне мөлшерлес кемітуге жол берiледi; 

2) айналымдағы тауарларды кепiлге берушi кепiлдердi жазу кiтабын жүргiзуге мiндеттi, оған тауарларды кепiлге салу шарттары туралы және кепiлге салынған тауарларды қайта өңдеуді қоса алғанда, олардың құрамының немесе нақты түрінің өзгеруіне алып келетін соңғы операция күніндегі барлық операциялар туралы жазбалар енгізіледі. 

4. Кепiл берушi айналымдағы тауарларды кепiлге салу шарттарын бұзған жағдайда кепiл ұстаушы кепiлге салынған тауарларға өзiнiң белгiлерi мен мөрiн қою арқылы шарттың бұзылуы жойылғанға дейiн олармен операциялар жасауды тоқтата тұруға құқылы. 

Ескерту. 327-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...325 326 327 328 329 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 327-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы