Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 377 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Азаматтық кодексi
377-бап. Заңды тұлғаның таратылуымен мiндеттеменiң тоқтатылуы

1. Таратылған заңды тұлғаның мiндеттемесiн орындау заңдармен басқа заңды тұлғаға (азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келуi салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша) жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, мiндеттеме заңды тұлға (борышқор немесе несие берушi) таратылғанда тоқтатылады.  

2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қызметiн тоқтату немесе оларды қайта құру осы органдар орындамаған мiндеттемелердi тоқтатуға әкелiп соқтырмайды. Егер тиiстi органдардың қызметiн тоқтату немесе оларды қайта құру туралы шешiмде міндеттемені орындау жүктелетін өзге мемлекеттік орган айқындалмаған болса, көрсетiлген мiндеттемелердi орындау қарамағында бюджет қаражаты бар органға жүктеледi. 

Ескерту. 377-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бөлiмше. Шарт туралы жалпы ережелер
22-тарау. Шарт ұғымы және оның ережелері

Статья 1 ...375 376 377 378 379 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 377-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы