Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 403 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Азаматтық кодексi
403-бап. Шартты бұзу және өзгерту салдары

1. Шартты бұзу кезiнде тараптардың мiндеттемелерi тоқтатылады.  

2. Шарт өзгертiлген кезде тараптардың мiндеттемелерi өзгертiлген түрiнде қолданыла бередi.  

3. Шарт бұзылған немесе өзгертiлген ретте, егер тараптардың келiсуiмен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса, мiндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келiсiмге келген кезден бастап, ал шарт сот тәртiбiмен бұзылған немесе өзгертiлген жағдайда - шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертiлген болып есептеледi.  

4. Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн мiндеттеме бойынша өздерi атқарған жұмысты қайтарып берудi талап етуге құқығы жоқ.  

5. Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бiр тараптың шартты едәуiр бұзғаны негiз болса, екiншi тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертiлуiнен келтiрiлген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы.  

Ескерту. 403-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен.

Статья 1 ...401 402 403 404 405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 403-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы