Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 404 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық кодексi
404-бап. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту (шарттан бас тарту)

1. Шартты орындаудан бiржақты бас тартуға (Шарттан бас тартуға) осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген жағдайларда жол берiледi.  

2. Тараптардың бiрi, атап айтқанда:  

1) шартқа негiзделген мiндеттеменi орындау мүмкiн болмаған (осы Кодекстiң 374-бабы);  

2) егер Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде өзгеше белгіленбесе, белгiленген тәртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған; 

3) шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттiк органның актiсi өзгертiлген немесе күшi жойылған жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға құқылы.  

3. Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi.  

4. Егер осы Кодексте, басқа да заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда бiр тарап бұл туралы екiншi тарапқа бiр айдан кешiктiрмей ескертуге тиiс.  

Ескерту. 404-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 

Статья 1 ...402 403 404 405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 404-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы