Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Азаматтық кодексi

ҚР Азаматтық кодексi
44-бап. Заңды тұлғаның жауапкершiлiгi



Ст. 44 ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы




1. Мекемелердің және қазыналық кәсiпорындардың құрылтайшысы қаржыландыратын арнайы қаржы компанияларынан, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларынан басқа заңды тұлғалар өз мiндеттемелерi бойынша өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi. 

Мекеме өзінің мiндеттемелері бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Ақша жеткiлiксiз болған жағдайда мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауаптылықта болады. 

Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. 

Қазыналық кәсiпорында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлініс тиiстi бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады. 

Арнайы қаржы компаниясы өз міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жауап береді. 

Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі ақшасымен жауап береді. 

2. Заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал заңды тұлға заңды тұлғаның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы Кодексте, өзге заң актiлерiнде не заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көзделген жағдайлар қосылмайды.  

3. Егер заңды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң iс-әрекетiнен туындаған болса, заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық жауапкершiлiкте болады.  

4. Заңды тұлға үшiншi тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгiленген өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланып қабылдаған мiндеттемелерi бойынша жауап бередi, бұған осы Кодекстiң 159-бабының 11-тармағында көзделген жағдайлар қосылмайды.  

Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1998.03.02 N 211, 1998.12.16 N 320, 1999.11.04 N 472, 2003.05.20 N 417, 2006.02.20 N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 225, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 


Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...405 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 44-бап ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы