Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Азаматтық кодексi
77-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк туралы негiзгi ережелер



Ст. 77 ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы



1. Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi. Осы ережеден өзгеше жағдайлар осы Кодексте және заң актiлерiнде көзделуi мүмкiн.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша әрбiр қатысушының салым салмаған бөлiгiнiң құны шегiнде ортақ жауапты болады.

2. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушы ретiнде бiр адамнан тұратын басқа шаруашылық серiктестiгi бола алмайды.

3. Өзiнiң кез-келген қатысушыларының талабы бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзiлуге тиiс.

Заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктен көпшiлiк алдында есеп беру талап етiлмейдi.

4. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк оған қатысушылардың қабылдаған шешiмi бойынша өз еркiмен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкiн. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi қайта құру мен таратудың өзге негiздерi осы Кодекспен және заң құжаттарымен белгiленедi.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өзге де шаруашылық серiктестiк акционерлік қоғам немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы.

6. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құқықтық ережесi, оған қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекспен және заң құжаттарымен белгiленедi.

Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1996.07.15. № 30-I, 1997.07.11. № 154, 1998.03.02. № 211, 1998.04.22. № 221, 1999.07.16. № 436-I, 2003.05.16. № 416 Заңдарымен.

Статья 1 ...75 76 77 78 79 ...405 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 77-бап ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы