Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1017-бап. Ашылмаған ақпаратты құқықтық қорғау талаптары



Ст. 1017 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Техникалық, ұйымдық немесе коммерциялық ақпаратты, оның iшiнде үшiншi тұлғаларға белгiсiз (ашылмаған ақпарат) өндiрiстiк құпияларды (ноу-хау) заңды түрде иеленетiн тұлғаның, егер осы Кодекстiң 126-бабының 1-тармағында белгiленген талаптар сақталса, осы ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғауға құқығы бар.  

2. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы осы ақпаратқа қатысты қандай да болсын шарттылықты орындауға (оны тiркеу, куәлiк алу және т. б.) қарамастан туындайды.  

3. Ашылмаған ақпаратты қорғау туралы ережелер, заң актiлерiне сәйкес қызметтiк немесе коммерциялық құпия бола алмайтын мәлiметтерге (заңды тұлғалар туралы мәлiметтер, мүлiкке құқықтар және олармен мәмiлелер туралы мәлiметтер; статистикалық нысанда ұсынылуға жататын мәлiметтер және басқалары) қатысты қолданылмайды.  

4. Ашылмаған ақпаратты қорғау құқығы осы Кодекстiң 126-бабының 1-тармағында көзделген талаптар сақталған жағдайда қолданыла бередi. 

Ескерту. 1017-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
 


Статья 406 ...1015 1016 1017 1018 1019 ...1124 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 1017-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409