Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 482 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
482-бап. Энергиямен жабдықтау шарты

1. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзiнiң қарауындағы энергетика желiлерiн пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.  

2. Энергиямен жабдықтау шарты жария болып табылады (осы Кодекстiң 387-бабы). 

3. Тараптар үшiн мiндеттi болып табылатын энергиямен жабдықтау шартының талаптары осы Кодекске және басқа да заң актiлерiне сәйкес белгiленедi.
Статья 406 ...480 481 482 483 484 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 482-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409