Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
627-бап. Тапсырысшының жұмыстарды орындау кезiндегi құқықтары



Ст. 627 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Тапсырысшы мердiгердiң қызметiне араласпай, кез келген уақытта жұмыстың барысы мен сапасын тексеруге құқылы.  

2. Егер мердiгер шартты орындауға уақытылы кiрiспесе немесе жұмысты соншалықты баяу орындап, оны мерзiмiнде аяқтау көрiнеу мүмкiн болмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және шеккен залалдарын өтеудi талап етуге құқылы.  

3. Егер жұмыстың орындалу барысында оның тиiстi дәрежеде орындалмайтыны анық болса, тапсырысшы мердiгерге кемшiлiктердi жою үшiн қисынды мерзiм белгiлеуге және мердiгер белгiленген мерзiмде ол талапты орындамаған жағдайда шарттан бас тартуға не жұмысты түзетудi мердiгердiң есебiнен үшiншi тұлғаға тапсыруға, сондай-ақ залалдарын өтеудi талап етуге құқылы.  

4. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы жұмысты өзiне өткiзгенге дейiн кез келген уақытта мердiгерге тапсырысшының шарттан бас тартқаны туралы хабарлама алғанға дейін орындаған жұмысы үшiн ақы төлеп, мердiгерлiк шарттан бас тарта алады. Тапсырысшы мердiгерге орындалған жұмыс үшiн төленген бағаның бөлiгi мен барлық жұмыс үшiн белгiленген бағаның арасындағы айырма шегiнде шарттың тоқтатылуынан келтiрiлген залалды өтеуге де мiндеттi.

Статья 406 ...625 626 627 628 629 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 627-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409