Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 660 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
660-бап. Тапсырысшының шарт бойынша жұмыстың орындалуын бақылауы мен қадағалауы

1. Тапсырысшы құрылыс мердiгерлiгi шартында орындалып жатқан жұмыстың барысы мен сапасына, олардың орындалу мерзімінің (кестесінің) сақталуына, мердігер берген материалдардың сапасына, сондай-ақ тапсырысшының материалдарын мердiгердiң дұрыс пайдалануына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға құқылы, бұл орайда ол мердiгердiң жедел-шаруашылық қызметiне араласпайды.  

2. Орындалып жатқан жұмысты бақылау мен қадағалау кезінде шарт талаптарынан жұмыс сапасын нашарлататын ауытқуды немесе ондағы өзге де кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы ол туралы дереу мердігерге мәлімдеуге міндетті. Мұндай мәлімдеме жасамаған тапсырысшы кейін өзі анықтаған кемшіліктерге сілтеме жасау құқығынан айырылады.  

3. Мердiгер құрылыс барысында тапсырысшыдан алған нұсқауларды, егер ондай нұсқаулар шарттың талаптарына қайшы келмесе және мердігердің жедел-шаруашылық қызметіне араласу болмаса, орындауға мiндеттi.  

4. Жұмысты тиiстi дәрежеде орындамаған мердiгер оның орындалуына тапсырысшының бақылау мен қадағалау жасамағанына сiлтеме жасауға құқылы емес, бұған мұндай бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру міндеті заң актілерінде немесе шартта тапсырысшыға жүктелген жағдайлар қосылмайды.
Статья 406 ...658 659 660 661 662 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 660-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409