Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
747-бап. Банктiк шот шарты



Ст. 747 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Банктік шот шарты бойынша бiр тарап (банк) екінші тараптың (клиенттiң) пайдасына түсетiн ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшiншi тұлғаларға тиiстi ақша сомаларын аудару (беру) туралы клиенттiң өкiмдерiн орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi. 

Банктік шот шартында айқындалған талаптар басталғанға дейін немесе оларды орындағанға дейін ағымдағы немесе жинақ шот иесінің шығыс операцияларын жасау құқығынсыз осы ағымдағы немесе жинақ шоттағы ақшаны депонирлеу (бұғаттау) талабымен үшінші тұлғаның атына банктік шот шарты бойынша ағымдағы немесе жинақ шот ашуға жол беріледі. 

Банктік шот ашқан кезде клиентке немесе ол көрсеткен тұлғаға клиенттiң банктегi ақшасын есепке алу мақсаты үшін тараптар келiскен шарттармен клиенттiң жеке сәйкестендіру коды берiледi. Клиенттiң жеке сәйкестендіру кодын беру, жою, банктiң клиент ақшасының есебін жүргізу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады. 

2. Заңды тұлғалар мен азаматтар қызмет көрсету банктерiн өз бетiнше таңдайды және олар банктiк шот шартын бiр банкпен де, бiрнеше банкпен де жасауға құқылы.  

3. Егер заң актілерінде немесе тараптар келісімінде өзгеше белгіленбесе, банктік шот шарты мерзімсіз болып табылады.  

Ескерту. 747-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.11.29. № 486; 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 406 ...745 746 747 748 749 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 747-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409