Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
859-бап. Басқаның мүддесiне iс-әрекет жасаған адамға залалдарын өтеу

Ст. 859 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес басқаның мүддесiне іс-әрекет жасаған тұлғаға келтiрiлген қажеттi шығындар мен өзге де нақты зиянды, осы Кодекстiң 858-бабының 1-тармағында көрсетiлген iс-әрекеттерден туындаған шығындарды қоспағанда, мүдделi адам өтеуге тиiс.  

Басқаның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер болжанған нәтижеге жеткiзбеген жағдайда да қажеттi шығындар мен өзге де нақты зиянды өтеу құқығы сақталады. Алайда басқа тұлғаның мүлкiне залал келтiрудi болдырмау жағдайында өтеу мөлшерi мүлiктiң құнынан аспауы тиiс.  

2. Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасаған тұлғаға мүдделi тұлғаның мақұлдауын алған соң жасаған iс-әрекеттерге байланысты келтiрiлген шығындары мен өзге де залалдар (осы Кодекстiң 857-бабы) тиiстi түрдегi шарт туралы ережелер бойынша өтеледi.

Статья 406 ...857 858 859 860 861 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 859-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409