Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
900-бап. Шектеу шарттары



Ст. 900 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартында шектеу (эксклюзивтiк) талаптары, атап айтқанда:  

1) лицензиардың лицензиатқа бекiтiлген аумақта қолдану үшiн басқа ұқсас кешендi кәсiпкерлiк лицензияларды бермеуi не осы аумақта тiкелей дербес қызметтi жүргiзуден тартыну мiндеттемесi;  

2) лицензиаттың кешендi кәсiпкерлiк лицензияны пайдалану аумағында лицензиат лицензиарға тиесiлi айрықша құқықтарды пайдалана отырып жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметке қатысты лицензиармен бәсекеге түспеу мiндеттемесi;  

3) лицензиардың бәсекелестерiнен (әлеуеттi бәсекелестерiнен) басқа да кешенді кәсiпкерлiк лицензияларды алудан лицензиаттың бас тартуы;  

4) шарт бойынша берiлген айрықша құқықтарды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын үй-жайдың орналасқан жерiн, сондай-ақ оның сырты мен iшiн безендiрудi лицензиаттың лицензиармен келiсу мiндеттемесi көзделуi мүмкiн.  

2. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының шектеу талаптары мынадай жағдайда:  

1) лицензиардың лицензиат сататын тауардың бағасын немесе лицензиат орындайтын (көрсететiн) жұмыстардың (қызметтердiң) бағасын анықтауға, не аталған бағаның жоғарғы немесе төменгi шегiн белгiлеуге құқығы болғанда;  

2) лицензиаттың белгiлi бiр санаттағы сатып алушыларға (тапсырыс берушiлерге) ғана не шартта белгiленген аумақта ғана орналасқан жерi (тұратын орны) бар ерекше сатып алушыларға (тапсырыс берушiлерге) тауарлар сатуға, жұмыстар орындауға немесе қызметтер көрсетуге құқығы болғанда маңызсыз болып табылады. 

Ескерту. 900-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 406 ...898 899 900 901 902 ...1124

Перейти к статье







Добавить комментарий к 900-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409