Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
975-бап. Ресми құжаттардың, мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына құқық



Ст. 975 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Ресми құжаттардың, мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына авторлық құқыққа жобаларды жасаған адам (жасаушы) ие болады.  

Ресми құжаттардың, рәмiздер мен белгiлердiң жобаларын жасаушылар, егер оны жасауға тапсырма берушi оған тыйым салмаса, ондай жобаларды жариялауға құқылы. Жобаны жариялаған жағдайда оны жасаушылар өз есiмiн көрсетуге құқылы.  

2. Жобаны, жасаушының келiсiмiнсiз, егер бұл жобаны автор жарияласа немесе тиiстi органға жiберсе, оны ресми құжат дайындау үшiн құзыреттi органның пайдалануы мүмкiн.  

Ресми құжаттарды, мемлекеттiк рәмiздердi немесе белгiлердi жобаның негiзiнде дайындаған кезде оған ресми құжатты, мемлекеттiк рәмiздi немесе белгiнi дайындауды жүзеге асырушы орган өз қалауы бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзуi мүмкiн.  

3. Құзыреттi орган жобаны қабылдағаннан кейiн ол әзiрлеушiнiң есiмi көрсетiлмей-ақ және авторлық сыйақы төленбестен пайдаланылуы мүмкiн.  

Ескерту. 975-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 406 ...973 974 975 976 977 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 975-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409