Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
989-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi



Ст. 989 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Орындаушыға қатысты сабақтас құқықтар алғаш рет орындалғаннан кейiн немесе қойылғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады. Орындаушының өз аты-жөнiне және орындауды немесе қойылымды бұрмалаудан қорғауға құқықтары мерзiмсiз қорғалады.  

2. Фонограмма шығарушыға қатысты сабақтас құқықтар фонограмма алғаш рет жарияланғаннан кейiн жетпiс жыл бойы не, фонограмма бұл мерзiм iшiнде жарияланбаса, ол алғаш рет жазылғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады.  

3. Эфирлiк хабар тарату ұйымына қатысты сабақтас құқықтар мұндай ұйым эфирге алғаш рет хабар берудi жүзеге асырғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады.  

4. Кабельдік хабар тарату ұйымына қатысты сабақтас құқықтар мұндай ұйым кабель бойынша алғаш рет хабар берудi жүзеге асырғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады.  

5. Осы баптың 1-4-тармақтарында көзделген мерзiмдердi есептеу мерзiмi өтуiнiң басталуына негiз болатын заңды факт орын алған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан басталады.  

Ескерту. 989-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 406 ...987 988 989 990 991 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 989-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409