Ст. 104 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
104-бап. Талап қою бағасы
1. Талап қою бағасы: 1) ақшаны өндіріп алу туралы талап қоюларда – өндіріп алу талап етілген сомамен;
2) абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моралдық зиянды өтеуді ақшалай мәнде өндіріп алу туралы талап қоюларда – өндіріп алу талап етілген сомамен;
3) іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалдар сомасын өндіріп алу туралы талап қоюларда – өндіріп алу талап етілген сомамен;
4) ортақ немесе үлестік меншік болып табылатын мүлікті бөлу туралы, ортақ меншік болып табылатын мүліктегі үлесті айқындау не бөлу туралы талап қоюларда – талап қою берілген кезде мүліктің орналасқан жерінде қалыптасқан нарықтық бағалар бойынша айқындалатын талап етілетін мүліктің құнымен;
5) алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюларда – бір жыл ішіндегі төлемдердің жиынтығымен;
6) мерзімді жедел төлемдер мен оларды беру туралы талап қоюларда – барлық төлемдер мен берулердің, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;
7) мерзімсіз немесе өмір бойы төлемдер мен берулер туралы талап қоюларда – төлемдер мен берулердің, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;
8) төлемдерді немесе берулерді азайту немесе көбейту туралы талап қоюларда – арыз беруші азайтуға немесе көбейтуге үміт артатын, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімдегі жалпы сомамен;
9) төлемдер мен берулерді тоқтату туралы талап қоюларда – қалған төлемдердің немесе берулердің, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;
10) тұрғынжайды жалдауды қоспағанда, мүліктік жалдау (жалға алу) шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы талап қоюларда – шарттың (келісімшарттың) қолданысының қалған мерзімінде мүлікті пайдаланғаны үшін төлемдердің, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;
11) жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік құқығы туралы талап қоюларда – осындай объектілердің талап қою берілген күні орналасқан жерлеріндегі нарықтық құнымен;
12) жылжымайтын немесе жылжымалы мүлікті бөтеннің заңсыз иеленуінен талап ету туралы талап қоюларда – ізделінетін мүліктің нарықтық құнымен, бірақ азамат жасасқан сақтандыру шарты бойынша бағалануынан төмен емес және сотқа талап қою берілген күнінде заңды тұлғаға тиесілі мүліктің теңгерімдік құнынан төмен емес нарықтық құнымен;
13) жылжымайтын және жылжитын мүлікті cатып алу-сату, кепіл, сыйға тарту шарттарын, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 157-1-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мәмілелер бойынша барлық алынған мүлікті кейіннен қайтаруға байланысты өзге де шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюларда – мүліктің сотқа талап қою берілген күнгі нарықтық құнымен айқындалады. Кепіл туралы шартқа дау айту кезінде талап қою бағасы шартта көрсетілген мүлік құнынан аспауға тиіс;
14) бірнеше дербес талаптардан тұратын талап қоюларда – барлық талаптардың жалпы сомасымен айқындалады.
2. Талап қою бағасын талап қоюшы көрсетеді. Көрсетілген баға ізделінетін мүліктің нақты құнының бағасына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын судья айқындайды.
Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайнАрман
Александр
Жан
Нурман
Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?
Помогите пожалуйста
Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет
Добрый день !
Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях
Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге
Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию
Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире
Спасибо !
Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка
"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"
Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:
По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей