Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 109 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
109-бап. Сот шығыстарын тараптардың арасында бөлу

1. Сот, өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын басқа тараптан алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығыстар талап қоюшыға – талап қою талаптарының сот қанағаттандырған мөлшеріне пропорционалды, ал жауапкерге талап қоюшының талап қою талаптарынан бас тартылған бөлікке пропорционалды түрде алып беріледі. 

2. Егер іске қатысатын адамның заңда немесе шартта көзделген дауды реттеудің наразылық немесе сотқа дейінге өзге де тәртібін бұзуы, оның ішінде наразылыққа жауап беру мерзімін бұзуы, наразылықты жауапсыз қалдыруы салдарынан дау туындаса, сот істі қараудың нәтижелеріне қарамастан, сот шығыстарын осы тұлғаға жүктейді. 

Сот, процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде дәлелдемелер сот белгілеген мерзімді және дәлелдемелерді дәлелді себептерсіз ұсынудың осы Кодексте белгіленген тәртібін бұза отырып ұсынылған жағдайда, егер бұл сот процесінің созылуына, істі қарауға және заңды әрі негізді сот актісін қабылдауға кедергі келтіруге әкеп соқса, іс бойынша барлық сот шығыстарын жүктеуге құқылы. 

3. Егер апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар істі жаңадан қарауға бермей, жасалған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, олар тарап тиісті сот сатыларында жұмсаған шығыстары туралы дәлелдемелерді ұсынған кезінде тиісінше сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді. 

4. Бірінші сатыдағы сот тараптың арызы бойынша апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда істі қарау барысында жұмсаған сот шығыстарын, егер өтінішхат сот сатыларында істі қарау кезінде талқыланса, бірақ сот шығындары ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеру қажеттігіне байланысты өндіріп алынбаған және бұл туралы тиісті сот сатысындағы соттың қаулысында көрсетілсе, өндіріп алу туралы ұйғарым шығарады. 

5. Сот шығындарын өндіріп алу туралы арыз тараптарды хабарландыра отырып, соттың сот отырысында қарауына жатады. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған тараптардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды. Арыз соңғы сот актісінің қабылдануымен істі мәні бойынша қарау аяқталған соңғы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде берілуі мүмкін. 

6. Сот актісінің көшірмесін сот ол заңды күшіне енген кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей (азаматтың) тіркелу орны немесе көрсетілген қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарына сот өтем жасаған (заңды тұлғаның) сот өкілінің орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.
Статья 1 ...107 108 109 110 111 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 109-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ