Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 163 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
163-бап. Істі дайындаудың міндеттері

1. Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан және азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындауды жүргізеді. 

Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады және жасауға тиіс әрекеттерді көрсетеді. 

2. Әрбір іс бойынша міндетті болатын азаматтық істі сот талқылауына дайындау міндеттері: 

1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;  

2) тараптардың құқықтық қатынастарын және сот басшылыққа алуға тиіс заңды айқындау; 

3) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы мәселені шешу және оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлау; 

4) әрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуға тиіс дәлелдемелерді айқындау; 

5) тараптарды татуластыруға жәрдемдесу болып табылады.
Статья 1 ...161 162 163 164 165 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 163-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ