Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 274 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
274-бап. Іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері

Іс бойынша іс жүргізу: 

1) осы Кодекстің 272-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – шығып қалған тұлғаның құқық мирасқоры анықталғанға немесе әрекетке қабілетсіз тұлғаға қорғаншы тағайындалғанға дейін; 

2) осы Кодекстің 272-бабының 3) тармақшасында және 273-бабының 1), 2), 3), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тарап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамында болуын тоқтатқанға дейін, ол мемлекеттік міндетті орындауды аяқтағанға дейін, қызметтік іссапардан оралғанға дейін, емдеу мекемесінен шыққанға немесе сырқатынан айыққанға дейін, сарапшының қорытындысын немесе қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қорытындысын сотқа табыс еткенге дейін, жауапкерді іздестіргенге дейін; 

3) осы Кодекстің 272-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – соттың шешімі, үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енгенге дейін; 

4) осы Кодекстің 272-бабының 5) тармақшасында көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімі күшіне енгенге дейін; 

5) осы Кодекстің 272-бабының 6) тармақшасында, 273-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – сот құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындағанға дейін;  

6) осы Кодекстің 272-бабының 7) тармақшасында және 273-бабының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда – медиация, партисипативтік рәсім тоқтатылғанға дейін; 

7) заңсыз түрде Қазақстан Республикасына алып өткен немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде балаға қатысты қол жеткізу құқығын жүзеге асыру туралы соттың шешімі немесе осы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым немесе осы Кодекстің 272-бабының 8) тармақшасында көрсетілген арызды соттың қарамай қалдыруы туралы ұйғарымы заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

Статья 1 ...272 273 274 275 276 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 274-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ