Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 311 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
311-бап. Арыздың мазмұны

Бала асырап алу туралы арызда:  

1) бала асырап алушылардың (асырап алушының) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), олардың тұрғылықты жері;  

2) асырап алынатын баланың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және туған күні, оның тұрғылықты жері (орналасқан жерi), асырап алынатын баланың ата-аналары, аға-інілері мен апа-қарындастарының бар-жоғы туралы мәліметтер;  

3) бала асырап алушылардың (асырап алушының) бала асырап алу туралы өтінішін негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;  

4) бала асырап алушылар (асырап алушы) баланың туу туралы акт жазбасына тиісті өзгерістер енгізуге тілек білдірген кезде, асырап алынатын баланың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның туған күнін, асырап алынатын баланың туған жерін өзгерту туралы, баланың туу туралы акт жазбасына бала асырап алушыларды (асырап алушыны) ата-аналар (ата-ана) ретінде жазу туралы өтініш көрсетілуге тиіс.

Статья 1 ...309 310 311 312 313 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 311-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ