Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 333 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
333-бап. Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арызды қарау

1. Сотқа кәмелетке толмаған бала, оның заңды өкілдері, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өкілдері, сондай-ақ соттың қалауы бойынша өзге де тұлғалар шақырылады. 

2. Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арызды қарауға прокурордың қатысуы міндетті болып табылады. 

3. Арыз беруші кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы істі қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады.
Статья 1 ...331 332 333 334 335 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 333-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ