Ст. 342 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019
ҚР Азаматтық процестік кодексі
342-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы арызды қарау
1. Судья азаматты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы арызды арыз іс жүргізуге қабылданған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. 2. Іс мәжбүрлеп емделуге жіберілетін науқастың, істің қозғалуына бастамашы болған денсаулық сақтау және ішкі істер органдары өкілінің, науқастың туыстарының, еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен қаралады.
Өзіне қатысты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы іс қозғалған науқас сот отырысына келуден жалтарған жағдайда, сот оны ішкі істер органдары арқылы мәжбүрлеп әкеледі.
Добавить комментарий к 342-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ