Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 341 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
341-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арыз беру

1. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымға оның келісімінсіз мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызды науқастың туыстарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, ішкі істер органдарының, прокуратураның, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасымен науқастың тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының өкілі береді. 

Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын, тұрақты тұрғылықты жері жоқ науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы мәселе шешілген жағдайда арызды осы арыз берілген кездегі науқастың орналасқан жері бойынша ішкі істер органдары береді. 

2. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиісті арызға адамды алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп тану және оған мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану қажеттігі туралы уәжді медициналық қорытынды қоса беріледі.
Статья 1 ...339 340 341 342 343 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 341-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ