Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 345 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
345-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі

1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда осы арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.  

2. Азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру туралы сот шешімі алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімін заңда белгіленген мерзімге ұзарту үшін негіз болып табылады. 

3. Азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қабылдамау туралы сот шешімі оны наркологиялық ұйымнан шығару үшін негіз болып табылады. 

40-тарау. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН ЖӘНЕ ЕМДЕЛУДЕН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕН
АЗАМАТТЫ МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

Статья 1 ...343 344 345 346 347 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 345-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ