Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 357 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
357-бап. Арыздың мазмұны

1. Жылжымалы затты иесіз деп тану туралы арызда қандай заттың иесіз деп тануға жататындығы көрсетілуге, оның негізгі ерекше белгілері сипатталуға, сондай-ақ меншік иесінің оған меншік құқығын сақтау ниетінсіз тастап кетуі туралы куәландыратын дәлелдемелер және арыз иесінің затты иеленуге кіріскені туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге тиіс. 

2. Коммуналдық мүлікті басқаруға құқық уәкілеттігі берілген органның жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызында қандай мүліктің иесіз деп тануға жататыны, оны кім және қалай анықтағаны және оның иесіз ретінде қай уақытта есепке қойылғаны көрсетілуге, сондай-ақ меншік иесінің оған меншік құқығын сақтау ниетінсіз осы мүлікті тастап кеткені туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

Статья 1 ...355 356 357 358 359 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 357-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ