Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Азаматтық процестік кодексі

ҚР Азаматтық процестік кодексі
41-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау тәртібі



Ст. 41 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ



1. Прокурорға, сот отырысының хатшысына, маманға, сарапшыға, аудармашыға мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сот қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделген сот отырысында қарайды және шешеді. 

2. Бірінші сатыдағы соттың судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) осы соттың төрағасы немесе басқа судьясы тараптарға хабарламастан, мәлімделген күнінен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал олар болмаған жағдайда – тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы келіп түскен күнінен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды және шешеді. 

3. Апелляциялық сатыдағы соттың судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) апелляциялық саты сотының төрағасы тараптарға хабарламастан жеке-дара, мәлімделген күнінен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде, ал ол болмаған кезде – осы апелляциялық сатының басқа судьясы қарайды және шешеді. 

4. Істі соттың алқалы құрамы қараған кезде судьялардың біріне мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) соттың алқалы құрамының басқа судьялары қарайды. Сот мәлімделген қарсылық білдіру бойынша іске қатысатын адамдардың пікірін, егер қарсылық білдірілген судьяның түсініктеме бергісі келсе, оның пікірін тыңдайды. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделген судьяның қатысуынсыз кеңесу бөлмесінде шешіледі. Қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) жақтаған және оған қарсы берілген дауыстар саны тең болған жағдайда қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) қанағаттандырылды деп есептеледі. 

5. Істі сот отырысында қарайтын соттың алқалы құрамының екі және одан да көп судьясына немесе барлық судьяларына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) нақ сол сот толық құрамда қарапайым көпшілік дауыспен шешеді. 

6. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз қабылданбаған кезде істі қарауды және шешуді сол сот отырысында соттың сол құрамы жалғастырады. 

7. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз қанағаттандырылған жағдайда істі қарау кейінге қалдырылады. Істің жаңа сот отырысында қаралатын уақыты мен орны туралы іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдеріне хабарланады. 

8. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау нәтижелері бойынша соттың ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың апелляциялық өтінішхатына, сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатқа немесе кассациялық наразылыққа енгізілуі мүмкін. 

Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...39 40 41 42 43 ...505 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 41-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ