Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 56-1 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Азаматтық процестік кодексі
56-1-бап. Консультант

1. Істі қалыптастыруды қамтамасыз ететін, судьяның сот процесін дайындауға және ұйымдастыруға бағытталған заңды тапсырмаларын орындайтын мемлекеттік қызметші консультант болып табылады. 

2. Консультант: 

1) азаматтық іс материалдарының жүргізілуін және тиісінше ресімделуін қамтамасыз етуге; 

2) істі мәні бойынша шешетін сот актілерін қоспағанда, судьяның тапсырмасы бойынша процестік құжаттардың жобаларын дайындауға; 

3) соттың ұйғарымдарын орындау бойынша сұрау салуларды жіберуге және басқа да әрекеттерді жасауға; 

4) іске қатысатын адамдарды істің материалдарымен таныстыруға, осы Кодексте көзделген жағдайларда оларға сот актілерінің және басқа да құжаттардың көшірмелерін жіберуге; 

5) осы Кодексте белгіленген талаптарды сақтай отырып, істі апелляциялық сатыға жіберуге; 

6) істі архивке беруді қамтамасыз етуге; 

7) судьяның тапсырмасы бойынша сот процесін дайындауға және ұйымдастыруға бағытталған өзге де әрекеттерді жасауға міндетті.  

3. Консультант өз өкілеттіктерін іске асыру кезінде сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі функцияны орындауға, іске қатысатын адамдардың құқықтары мен міндеттерінің туындауына, өзгеруіне не тоқтатылуына әкеп соғатын әрекеттерді жасауға, процестік құжаттардың жобаларын дайындаумен, жабық сот отырысына қатысумен байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын кез келген мәліметтерді жария етуге құқылы емес. 

Консультант судьяның тапсырмасы бойынша сот отырысы хатшысының өкілеттігін жүзеге асыра алады.
Статья 1 ...55 56 56‑1 56‑2 56‑3 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться