Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Азаматтық процестік кодексі
56-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы



Ст. 56 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ



1. Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін өз бастамасы бойынша, іске қатысатын адамдардың өтінішхаты бойынша, сондай-ақ соттың бастамасы бойынша іс бойынша жазбаша қорытынды беру үшін процеске кірісе алады. 

Қорытынды ұсыну талап етілетін мәселелер мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жіберіледі. 

2. Қорытынды осы органдарға азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау жөнінде жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының құзыреті шегінде беріледі және іс материалдарына қоса тіркеледі. 

Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қорытындысының күні бұрын белгіленген күші болмайды. Соттың қорытындымен келіспегені туралы сот шешімінде көрсетілуге тиіс. 

3. Осы бапта көрсетілген органдар өз өкілдері арқылы осы Кодекстің 46-бабында көзделген іске қатысатын адамдардың барлық құқықтарын пайдаланады. 

6-тарау. СОТТА ӨКІЛДІК ЕТУ


Статья 1 ...54 55 56 57 58 ...505 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 56-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ