Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Азаматтық процестік кодексі
70-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арыз



Ст. 70 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ



1. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арыз іс жүргізуінде іс жатқан сотқа беріледі. 

2. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арызда қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер, осындай қамтамасыз ету қажетті растау немесе теріске шығару үшін істің мән-жайлары, қажет дәлелдемелерді ұсынудың қиындығын куәландыратын деректер көрсетілуге тиіс. Арыз беруден бас тартылған дәлелдемелерді қамтамасыз ету қажет болған іс онда көрсетілуге тиіс. 

3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арызды қарау нәтижелері бойынша сот ұйғарым шығарады, оған сәйкес дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша процестік әрекеттерді жасайды не одан бас тартады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды. Шығарылған ұйғарымға қатысты істен бөлініп алынған материал апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағыммен, наразылықпен бірге жіберіледі.

Статья 1 ...68 69 70 71 72 ...505 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 70-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ