Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 71 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
71-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібі

1. Дәлелдемелерді қамтамасыз етуді судья істі сот талқылауына дайындау кезінде немесе істі бірінші сатыдағы сотта қарау кезінде арыз келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді. 

2. Арыз беруші және іске қатысатын басқа да тұлғалар дәлелдемелерді қамтамасыз етудің уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі соттың дәлелдемелерді қамтамасыз етуі бойынша жеке процестік әрекетті жасауына кедергі болып табылмайды. 

3. Хаттамалар және қамтамасыз ету тәртібімен жиналған барлық дәлелдемелер бұл туралы іске қатысатын адамдарға хабарлана отырып, істі қарайтын сотқа беріледі.
Статья 1 ...69 70 71 72 73 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 71-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ