Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi
87-бап. Сараптама жүргізу тәртібі



Ст. 87 ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ




1. Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкін еместігіне немесе қиындығына қарай сотта немесе соттан тыс жүргізіледі.

2. Сараптама жүргізу кезінде оның объектілері сараптаманы тағайындаған соттың рұқсатымен зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана бүлдірілуі немесе пайдаланылуы мүмкін. Көрсетілген рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда немесе сот сарапшысының өтінішхатын қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы уәжді ұйғарымда қамтылуға тиіс.

3. Сараптамалық зерттеу объектілерінің анықтығы мен жарамдылығына сот кепілдік береді.

4. Сараптамалық зерттеу объектілері, егер олардың көлемі мен қасиеттері бұған мүмкіндік берсе, сарапшыға оралған және мөрленген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға кедергісіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

5. Іске қатысатын адамдар сараптама жүргізу кезінде, осындай қатысу соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. Сот іске қатысатын адамдардың сараптама жүргізу кезінде қатысуы туралы өтінішхатты қанағаттандырған кезде, көрсетілген адамдар сараптама жүргізілетін орын мен уақыт туралы хабарландырылады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірмейді.

6. Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысатын адамдар қатысқан жағдайда, сот приставының міндетті қатысуын сот айқындайды.

7. Сараптама жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде, сот сараптаманы тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау туралы ұйғарымда нақты сарапшы көрсетілмесе, оны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптаманы тағайындаған сотқа хабарлайды.

8. Сот сараптамасы органының басшысы:

1) егер осы сот сараптамасы органында қажетті арнайы ғылыми білімі бар сарапшы болмаса; осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайлары нақты сарапшылық міндеттерді шешуге мүмкіндік бермесе; сарапшының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; сараптама жүргізуге арналған материалдар осы Кодексте көзделген талаптарды бұза отырып ұсынылса, уәждерін көрсете отырып, сотқа сараптаманы тағайындау туралы ұйғарымды орындамастан, оны жүргізу үшін ұсынылған объектілерді қайтаруға;

2) егер осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдардың арнайы ғылыми білімдері қорытынды беру үшін қажет болса, оларды сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы сот алдында өтінішхат беруге;

3) сот сараптамасын тағайындаған сот алдында сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзарту туралы уәжді өтінішхат беруге құқылы.

Сот сараптамасы органы басшысының «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге құқықтары да бар.

9. Сот сараптамасы органының басшысы:

1) сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымды және зерттеу объектілерін алғаннан кейін заңның талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына іс жүргізуді тапсыруға;

2) сот сарапшысының тәуелсіздігі қағидатын бұзбай, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуын, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығын, толықтығы мен объективтілігін, сот сараптамасы объектілері сақталуының қамтамасыз етілуін бақылауды қамтамасыз етуге;

3) сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

10. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру көзделсе, сот сараптаманы тағайындау туралы ұйғарым шығарылғанға дейін оның жеке басына және сарапшыға қарсылық білдіруге осы Кодекстің 39-бабында көзделген негіздердің жоқ екендігіне көз жеткізуге тиіс.

11. Сараптаманы жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу,  сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 110 және 111-баптарында белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі.


Статья 1 ...85 86 87 88 89 ...505 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 87-бап ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ