Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 153-1 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
153-1-бап. Сарқылып жатқан кен орындарында көмірсутектерді өндіру

1. Сарқылып жатқан кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде көмірсутектер өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы бір мезгілде мынадай шарттарды сақтауға міндетті: 

1) кен орнының осы баптың 2-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес болуы. Бұл ретте мұндай сәйкестік осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған кен орнын әзірлеу жобасында көрсетіледі; 

2) жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 3-тармағында көзделген инвестициялық міндеттемені орындауы. 

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 3-тармағында көзделген инвестициялық міндеттемесін орындау жөніндегі міндеттеме енгізілген кезде сарқылып жатқан кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп танылады. 

2. Көмірсутектер кен орны оны әзірлеу барысында мынадай көрсеткіштердің кемінде біреуіне қол жеткізілген жағдайда сарқылып жатқандар санатына жатады: 

көмірсутектердің ірі кен орындары үшін қорлардың игерілуі бекітілген алынатын қорлардың жетпіс және одан көп пайызын және кен орнының су басуы сексен бес және одан көп пайызды құрауға тиіс; 

мұнай алудың ағымдағы коэффициенті бірліктің 0,4 және одан көп үлесін құрауға тиіс. 

3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген инвестициялау коэффициентінің және өткен жылдың қорытындысы бойынша "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 723-бабына сәйкес салықтық есепке алу саясатында бекітілген жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есепке алуды жүргізу әдістемесіне сәйкес есептелген, сарқылып жатқан кен орны бойынша жылдық жиынтық кіріс сомасының көбейтіндісі ретінде есептелетін сомадан кем болмайтын мөлшерде мұндай сарқылып жатқан кен орнын әзірлеуге қосымша инвестицияларды жүзеге асыру және (немесе) осы Кодекстің 129-бабында белгіленген тәртіппен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қосымша қаржыландыру жер қойнауын пайдаланушының мұндай кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялық міндеттемесі болып табылады. 

4. Сарқылып жатқан кен орны бойынша инвестициялау коэффициенті мұндай кен орны бойынша көмірсутектерді өндірудің нақты жылдық көлемі негізге алына отырып белгінеді және мыналарды құрайды: 

Р/с
№ 
Жылдық өндіру көлемі  Инвестициялау коэффициенті, %-бен 
1.  250 000 тоннаны қоса алғанға дейін  1,0 
2.  250 000 тоннадан жоғары және 500 000 тоннаны қоса алғанға дейін  2,0 
3.  500 000 тоннадан жоғары және 1 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін  3,0 
4.  1 000 000 тоннадан жоғары және 2 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін  4,0 
5.  2 000 000 тоннадан жоғары және 3 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін  5,0 
6.  3 000 000 тоннадан жоғары және 4 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін  5,5 
7.  4 000 000 тоннадан жоғары және 5 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін  6,5 
8.  5 000 000 тоннадан жоғары және 7 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін  7,0 
9.  7 000 000 тоннадан жоғары және 10 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін  8,0 
10.  10 000 000 тоннадан жоғары  8,5 

 

Ескерту. 153-1-баппен толықтырылды – ҚР 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...152 153 153‑1 154 155 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться