Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 156 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Салық кодексi
156-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

1. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеруді жүргізу кезінде: 

1) тексеруді жүргізу тәртібіне қатысты осы Кодекстің және Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері туралы ақпаратты салық органынан сұратуға және олардан алуға; 

2) салықтық тексеруді жүргізетін салық органдарының лауазымды адамдарынан салықтық тексеру туралы нұсқаманы және қызметтік куәліктерін көрсетуді талап етуге; 

3) салықтық тексеруді жүргізу кезінде қатысуға және салықтық тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсінік беруге; 

4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге; 

5) осы Кодексте көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы. 

2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерулер жүргізу кезінде: 

1) салық органы лауазымды адамдарының талап етуі бойынша белгіленген мерзімдерде құжаттар мен мәліметтерді қағаз жеткізгіште, ал қажет болған кезде, электрондық жеткізгіште де ұсынуға; 

2) осы Кодекстің 23-тарауына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) жасаған есепке алу құжаттамасын ұсынуға; 

3) салық органының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамдарының және осындай тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның аумағына және (немесе) үй-жайына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын беруге; 

4) салықтық тексерулер барысында түгендеу жүргізуді қамтамасыз етуге; 

5) салық органының салықтық тексерулер жүргізетін лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық төлеуші (салық агенті) қызметінің мәселелері бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер беруге; 

6) осы Кодекстің 155-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) ақпараттық жүйе деректерін көруге қолжетімділік беруге; 

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Статья 1 ...154 155 156 157 158 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 156-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ