Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
168-бап. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы



Ст. 168 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы ретінде айқындалады.   

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:   

1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстары;   

2) жеке тұлға табысының төлемі, оның ішінде:  

жеке тұлға үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын салық агентінің жеке тұлғаға немесе үшінші тұлғаларға төлеуі;  

берешекті өтеу есебінен және (немесе) өтеусіз негізде жүргізілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;  

борышты кешіру;  

мәміле шарттарының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған тұрақсыздық айыбын қоспағанда, борышкерге қойылған талаптар мөлшерін азайту;  

репо операциялары бойынша сыйақы төлемі жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салынуға жататын табысы болып табылады.  

2. Осы баптың мақсаты үшін мыналар салық салуға жататын табысқа жатқызылмайды:   

1) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;   

2) жеке тұлғаларға олардан жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер;   

3) осы Кодекстің 160-бабының 1) және 3)-6) тармақшаларында көрсетілген табыстар;   

4) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

Ескерту. 168-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

169-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...166 167 168 169 170 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 168-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы