Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 179 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Салық кодексi
179-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі. 

2. Шағымда: 

1) шағым берілетін уәкілетті органның атауы; 

2) шағым беретін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері); 

3) сәйкестендіру нөмірі; 

4) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы; 

5) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер; 

6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi; 

7) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс. 

3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін. 

4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды. 

5. Шағымға: 

1) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар; 

2) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.
Статья 1 ...177 178 179 180 181 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 179-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ